07
ноябрь
2025
"ДОСБОЛLIKE" бағдарламасы аясында кездесу
Мектепте ұлдар және қыздармен бөлек жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға "Досболайық" бағдарламасы таныстырылып, буллингтің алдын алу, өзара сыйластық пен достық қарым-қатынасты дамыту жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Психолог пен сынып жетекшілер оқушыларға қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығын, бір-бірін қолдаудың және әдепті қарым-қатынас жасаудың жолдарын түсіндірді. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өз пікірлерін ортаға салды. Іс-шараның мақсаты: Мектепте қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыру және оқушылар арасында зорлық-зомбылықтың кез-келген түріне жол бермеу болды. Қосымша қыздарға мектеп психологы: Мамырбаева З. қыздардан арнайы сауалнама алып, мектеп медбикесі: Ділдәбек М. қыздарға кеңестер айтып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.