30
декабрь
2024
«ҮЗДІК МЕКТЕП МОДЕЛІ-2024» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Жаңа жыл мерекесінің қарсаңында білім беру ұйымдарында қолайлы орта жобаларының көрініс табуы, мектептердің жаңашыл ізденістерге негізделуі мен эстетикалық талғам жағынан дамуы мақсатында өткізілетін дәстүрлі «Үздік мектеп моделі-2024» байқауында №2 Аспара жалпы орта мектебі «Үздік кітапхана» номинациясы бойынша ІІІ орын иеленіп, сертификатпен марапатталды. Жүлделі орынға сыйлық ретінде панельді тақта берілді.

