28
январь
2025
Snow and lce . Ағылшын тілі
2025 жылдың 28 қаңтарында №2 Аспара ЖОББМ аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 4 "А" сыныбымен Әбдыкадыр С.М ағылшын тілі пәнінен "Snow and Ice" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылар оқу мақсатына сай тапсырмалар орындау арқылы топпен, жұппен, жеке жұмыстар атқарылды. Білім алушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында, сонымен қатар сабақты жақсы меңгерту үшін ерекше әдіс-тәсілдер қолданылды. Білім алушылардың сабаққа ынтасын арттыру мақсатында "Wordwall" платформасы, “Igloo”, “Microphone “әдістерін қолданды.Сабақ өту барысында барлық білім алушылар сабаққа белсене қатысты.
