24
февраль
2026
ПЕДАГОГТЕРДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ТӘЖІРИБЕСІ ОБЛЫС КӨЛЕМІНДЕ ТАРАТЫЛДЫ.
2026 жылдың 24 ақпанында Меркі ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен инновациялық педагогикалық тәжірибелерді тарату шарасында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мусаева Майра Дуйсалықызының «Этнолингвистикалық атаулар» тақырыбындағы авторлық бағдарламасы облыстық деңгейде бекітіліп, таратылды.
Іс-шараға Жамбыл, Шу, Меркі аудандарының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері мен білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
