08
апрель
2026
Меркі ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес жас педагогтердің «Нәтижелі сабақ: Теория. Талдау. Сана» тақырыбындағы онкүндігінің ашылуы
Меркі ауданы білім бөлімінің жоспарына сәйкес жас педагогтерді инновациялық идеяларды енгізу және іздену мотивацияларын арттыру мақсатында 8-22 сәуір аралығында «Нәтижелі сабақ: Теория. Талдау. Сана» тақырыбында жас мамандардың онкүндігінің ашылуы өтілді. Ашылу барысында ағылшын тілі пәні мұғалімі Н.Нәрікбайұлы оқушылармен қызықты ойындар өткізді. Көркем еңбек пәні мұғалімі Т.Кобелеков көрме ұйымдастырса , тарих пәні мұғалімі Н.Қоныс ұлы тұлғалар туралы мәлімет берді. Мектеп директоры Г.Разакпаева сөз сөйлеп, жас мамандарыдың ашық сабақтар топтамасы мен сыныптан тыс іс-шараларының сәтті өтуіне сәттілік тіледі.