21
апрель
2026
Көркем-эстетикалық әдістемелік бірлестігі айлығы барысында өтілген іс-шаралар

N2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде көркем эстетика пәндері бірлестігінің айлығы барысында іс-шаралар жоспарнына сәйкес 21 сәуір күні 7-8 сыныптар арасында волейбол ұйымдастырылды.
Волейбол жарысы – қатысушылардың дене дайындығын, шапшаңдығын, ептілігін және командалық бірлігін дамытуға бағытталған спорттық сайыс. Бұл жарыстың негізгі мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, оқушыларды спортқа баулу және достық қарым-қатынасты нығайту.
Жарыс барысында ойыншылар волейбол ойынының ережелерін сақтай отырып, өзара бәсекеге түседі. Әр команда жеңіске жету үшін ұйымшылдық, төзімділік және шеберлік танытты. Жарыс нәтижесінде
l орын 8 ә сынып
II орын 7 а сынып
III орын 7 ә сыныптар иеленді.
Волейбол жарысы қатысушылардың денсаулығын нығайтып қана қоймай, олардың жауапкершілігін, тәртібін және бір-біріне деген құрметін арттырады.Ұйымдастырушы дене шынықтыру пәні мұғалімі С.Абдинов