19
октябрь
2023
Lesson study-«Vocabulary puzzles: Family» тақырыбында ағылшын тілі пәнінен
19 қазан күні 5 ә сыныбында Lesson studyдің 1циклдың үшінші сабағы өткізілді. Ағылшын тілі пәнінен С. Абдықадыр «Vocabulary puzzles: Family» тақырыбында өткен сабақта Lesson study-ді жүргізудегі негізгі проблема аясында оқушылардың жұмыстары бақыланды. Бақылаушы мұғалімдер оқушылардың сабақ барысындағы белсенділігі мен топ арасында бірін-бір қолдауы арқылы білім сапасын ілгерілетудегі іс-әрекеттері қарастырылды. Сабақтан соң оқушылардан бақылаушы педагогтер сұхбат алып, сабақтағы қиындық тудырған тұстары мен оқушының өзі-өзіне берген бағасы туралы ойларын білді. Сабақ барысында бақыланған іс-әрекеттер мен оқушылардан алынған сұхбат қорытындысы бойынша талқылау жүргізілді.