БОС ОРЫН » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ОРЫН
01
апрель
2025

БОС ОРЫН

«№2 Аспара жалпы орта  білім беретін мектебі»  КММ мемлекеттік мекемесі  бос жұмыс орындарына ашық конкурс жариялайды. 

Мекеменің мекен-жайы: 1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылы Тұран көшесі №39

Анықтама, байланыс номері: 8(72 632) 2 50 22

Электрондық пошта: aspara2mektep@yandex.kz

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 1 жүктемемен уақытша  тәрбиеші бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 


2.Негізгі функционалдық міндеттері:  

Білуге міндетті: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілері;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;

      педагогикалық этиканың нормалары;

      психология және педагогика, дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету ережелері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитариялық ережелер;

      мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік-құқықтық құжаттар;

      еңбек заңнамасының негіздері, ішкі еңбек тәртібінің, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.

Лауазымдық міндеттері:  балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді, оларды тәрбиелеу мен оқытуда денсаулық сақтау технологияларын қолданады;

      мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу қызметінің кестесіне сәйкес педагогикалық процесті жүзеге асырады;

      режимдік сәттерді (таңертеңгі қабылдау, таңертеңгі гимнастика, күн ішінде тамақ ішу, балалар іс-әрекетін (ойын, шығармашылық, танымдық, қозғалыс, бейнелеу, еңбек, эксперименттік, дербес және өзге), серуендеуді, күндізгі ұйқыны, жеке жұмысты, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырады және өткізеді, заттық-дамытушылық ортаны құрады) басқарады;

      балалармен жұмыс жасауда тұлғаға бағытталған тәсілді жүзеге асырады;

      дамуында ауытқулары бар балалармен түзету қызметі саласындағы мамандарға көмек көрсетеді, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын, оқу-әдістемелік әдебиетті зерделеу негізінде және топ балаларының жеке білім беру қажеттіліктерін ескере отырып, тәрбие-білім беру процесін жоспарлайды;

      қол жеткізілген нәтижелерді талдау негізінде білім беру қызметін жобалайды;

      мектепке түсу кезінде бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету үшін білім беру ортасына ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды әлеуметтендіруді жүзеге асырады;

      мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар әрбір балаға жеке қарауды қамтамасыз етеді;

      мектепке дейінгі ұйымда өткізілетін іс-шараларға (кеңестер, педагогикалық және әдістемелік кеңестер, конкурстар және басқалар)қатысады;

      отандық және шетелдік тәжірибені зерттеу негізінде үздік тәжірибелерді зерделеумен, жинақтаумен, таратумен және енгізумен айналысады;

      мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық көмекті жүзеге асырады.


Бүгінгі күні бос орын атауы:   Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымының тәрбиешісі

 Еңбек ақы: 160 000 ақысы(жүз алпыс мың)   


3. Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар:  

Пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"   санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 02.04.2025 -10. 04.2025  аралығында. Сағат 9:00 -17:30 үзіліс 13:00-14:30 


5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі :

1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

      11) осы Қағидаларға1213-қосымшаларғасәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.


6. Уақытша бос лауазымының мерзімі: 02.04.2025-31.08.2025 ж. 


Конкурстық құжаттар Аспара ауылы Тұран көшесі, №39 ғимаратында орналасқан « №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі »  КММ қабылдау бөлімінде қабылданады. 

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив