БОС ОРЫНҒА КОНКУРС » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БОС ОРЫНҒА КОНКУРС
11
август
2026

БОС ОРЫНҒА КОНКУРС

«№2 Аспара жалпы орта  білім беретін мектебі»  КММ мемлекеттік мекемесі  бос жұмыс орындарына конкурс жариялайды. 

1. Мекеменің мекен-жайы: 1. Жамбыл облысы Меркі ауданы Аспара ауылы Тұран көшесі №39

Анықтама, байланыс номері: 8(72 632) 5 20- 47

Электрондық пошта: aspara2mektep@yandex.kz

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 16 сағат жүктемемен уақытша алғашқы әскери даярлығының педагог-ұйымдастырушысы бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды. 

2. Негізгі функционалдық міндеттері: білім алушыларды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;

      оқу бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерді әзірлейді;

      оқу кабинетін жабдықтауға және жабдықтауға қойылатын талаптарды сақтайды;

      басшының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарымен, сынып жетекшілерімен (топ жетекшілерімен) бірлесіп, оқу жылына арналған әскери-патриоттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оның орындалуын қамтамасыз етеді және оқу полигонының жұмысын үйлестіреді;

      білім беру ұйымдарының алғашқы әскери даярлық кабинеттерінің және (немесе) полигондарының материалдық базасын дамыту және нығайту, жабдықтар мен құрал-саймандардың сақталуы, санитариялық-гигиеналық талаптардың сақталуы бойынша шаралар қабылдайды;

      әскери іс негіздерін зерделеу бойынша үйірмелерге басшылық етеді, төтенше жағдай енгізілген жағдайда іс-қимыл жасау бойынша практикалық сабақтар мен жаттығулар өткізеді;

      білім беру ұйымдарында азаматтық қорғаныс бойынша сабақтар өткізеді, төтенше жағдай енгізілген жағдайда іс-қимыл шараларын пысықтайды, азаматтық қорғанысқа арналған қорғаныс құрылыстары мен жеке қорғану құралдарының дайындығын қамтамасыз етеді;

      оқу-тәрбие үдерісінде қауіпсіздік шараларын сақтайды;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілердің бойына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын сіңіреді.

Бос орын атауы:  алғашқы әскери даярлығының педагог-ұйымдастырушысы Еңбек ақы: 150 000 теңге. (жүз елу мың) .  


3. Кандидатқа қойылатын  біліктілік талаптар:  тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі бар, жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білім беру ұйымдарының әскери кафедрасында (әскери факультетінде) запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери қызметті немесе әскери даярлықтан өткен;

      немесе жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі бар және педагогикалық қайта даярлаудан өткен офицерлік, аға немесе жоғары сержанттық құрамдар лауазымдарында әскери қызмет өткерген (әскери қызметке қайта кіру құқығынсыз теріс себептермен әскери қызметтен шығарылған азаматтарды қоспағанда).Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог"   санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті. 


4. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылдың   11.08.2026 ж -20.08.2026  аралығында. Сағат 9:00 -17:30 үзіліс 13:00-14:30 


5. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіҚазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

      1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

       6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

      7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 баллнемесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;

       11) 12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

      12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

6. Уақытша бос лауазым мерзімі: 2026-2027 оқу жылы


КонкурстыққұжаттарАспара ауылы Тұран көшесі№39 ғимаратындаорналасқан « №2 Аспаражалпыортабілімберетінмектебі »  КММқабылдаубөліміндеқабылданады



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив