27
март
2026
№4 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
27 наурыз күні №4 педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңестің күн тәртібі бойынша төмендегідей мәселелер қаралды:
- Мектеп және мектеп жанындағы шағын орталықтағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
- Тоқсан бойынша білім сапасының нәтижесі
- 5-8,10-сыныптарда қазақ тілі пәнінен аралық аттестаттауды ұйымдастыру жұмыстары
- 9,11 сынып білім алушыларының таңдау пәндерінен қорытынды аттестаттауға байланысты алынған тест нәтижелері және 4,9- сынып оқушыларынан ББЖМ-ға байланысты алынған тест қорытындылары
- Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларының қорытындысы
Аталған мәселелер бойынша талдама жүргізіліп, кемшіліктер нақтыланды. Мәселелер бойынша түзету бағытында ұсыныстар берілді.