05
март
2025
"Шебер қолдар" үйірмесі
Мектебімізде көркем еңбек пәні мұғалімі Т.Кобелеков жетекшілігімен "Шебер қолдар" үйірмесі жұмыс жасайды, онда 24 оқушы қамтылған.
Мақсаты:
Шебер қолдар үйірмесі балаларды қолөнер, шеберлік, шығармашылыққа баулып, олардың эстетикалық талғамын, көркемдік дағдыларын дамыту. Бұл үйірме арқылы балаларға ұқыптылықты, еңбексүйгіштікті, шыдамдылықты және ізденімділікті қалыптастыру.
Үйірменің міндеттері:
1. Қолөнер дағдыларын дамыту: оқушыларға ағашпен, темірмен, тоқумен және басқа да материалдармен жұмыс істеуге үйрету.
2. Шығармашылық қабілеттерді арттыру: Оқушыларды түрлі қолөнер бұйымдарын жасау арқылы шығармашылыққа баулу.
3. Қол жұмыстарының түрлі техникаларын үйрету: Тоқу, бейнелеу өнері, ағаш өңдеу, металмен жұмыс істеу сияқты дағдыларды үйрету.
4. Қолөнер бұйымдарын жасау: Үйірме оқушыларын қолөнер бұйымдарын жасауға, соның ішінде тұрмыстық қажетті заттар мен әсемдік үшін жасалатын өнімдерге баулу.
5. Еңбекке деген көзқарасты қалыптастыру: Оқушыларды еңбекқорлыққа тәрбиелеу, еңбекті бағалау, әр істі ұқыптылықпен орындауға үйрету.
Шебер қолдар үйірмесі қолөнермен айналысу арқылы тек физикалық дағдыларды ғана емес, сонымен қатар шығармашылық қабілеттерді де дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үйірме оқушылардың еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырып, әртүрлі материалдармен жұмыс істеуге үйретеді, сонымен қатар оларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа және өз жұмысына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелейді.