01
сентябрь
2024
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылы 1 қыркүйек күні 11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында лекция өткізілді
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылы 1 қыркүйек күні 11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында лекция өткізілді. Лекцияға Меркі АПБ –нің ЖПҚб бастығы полиция подполковнигі А.Майнаусов, Меркі АПБ ЖПҚб УПИ полиция аға лейнетанты Н. Асанов және ДҚТЖО А.К.Жуманбаева қатысты. Оқушыларға себепсіз сабактан қалмау керектігі, ұялы телефонды мектепке әкелмеу туралы, қылмыс пен құқық бұзушылыққа бармау керектігі айтылып, ескерту жасалып және жолда жүру қауіпсіздік ережелерін сақтауы туралы, сондай –ақ кешкі рейд туралы, Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасына сай, қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінетінін және әсіресе, жасөспірімдердің түнгі уақытта беймезгіл жүруі туралы және жасөспірімдердің мопед, скутер айдауына тыйым салынатындығы туралы қатаң ескертіп айтып ескертті.