17
январь
2025
"Жол ережесін сақтай біл" тақырыбында ДҚТЖО А.Жұманбаева мен мектеп медбикесі Р.Абдирахманова оқушылармен сұхбаттасу өткізді.
№2 Аспара ЖОББМ 2025 жылдың 13-23 қаңтар аралығында жолда жүру тәртібін сақтау тақырыбымен "Абайлаңыз балалар" республикалық акция негізінде аудандық он күндік іс-шарасының жоспарына сай "Жол ережесін сақтай біл" тақырыбында ДҚТЖО А.Жұманбаева мен мектеп медбикесі Р.Абдирахманова оқушылармен сұхбаттасу өткізді. Жолда жүру ережесін сақтамаған жағдайды жол-көлік оқиғасына ұшырауы мүмкін. Бір немесе бірнеше көлік құралының қатысуы салдарынан болатын жол-көлік оқиғасын ЖКО деп атайды: бұл жаяу жүргіншінің машинамен қақтығысуы, мотоцикл жүргізушісі мен велосипедшінің машинамен қақтығысуы және бір немесе бірнеше автомобильдің қақтығысуы болуы мүмкін. бұл жылдамдығы бойынша, соққы бағыты бойынша түрлі апаттар - жанынан, бетпе-бет, жанама және артынан келген соққы болып бөлінеді. ЖКО зардап шеккен адамның қандай зақым алғанын алдын ала түсіну үшін, соқтығысу түріне назар аудару қажет. Алған жарақаттарына қарай алғашқы көмек көрсету керек. Оқушыларға қандай көмектер көрсетілу керек екендігі туралы толық мәліметтер берілді.
