21
январь
2025
"Тәуелсіздігіміздің - жоғары құндылықтары" дәрістер топтамасы ұйымдастырылды
№2 Аспара ЖОББМ "Тәуелсіздігіміздің жоғары құндылықтары" тақырыбында тарих пәнінің мұғалімдері С.Әбілдаев пен Н.Қоныс 8-10 сынып оқушыларымен дәрістер топтамасын ұйымдастырды. Қазақстан Республикасының Конституциясы – еліміздің тұрақтылығы, егемендігі мен дамуының кепілі. Дәріс барысында оқушылар Конституцияның маңызын түсініп, оның «Мәңгілік Ел» идеясының тұғыры екендігін ұғынды. Конституцияның ережелерін білу және оларды құрметтеу әр азаматтың міндеті болып табылатыны туралы ой қалыптасты.
