11
март
2025
Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық сағат
№2 Аспара ЖОББМ Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдық мерейтойына арналған іс-шара жоспары аясында 5а,ә сыныптарында А.Серікбаев пен С.Абдықадырдың ұйымдастыруымен "Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармышылығы" ақпараттық сағат өткізді. Шәмші Қалдаяқов – қазақ музыкасының мақтанышы, шығармашылығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық мұра. Оның әндері тек қазақ халқына ғана емес, бүкіл әлемге мәлім болып, қазақ мәдениетінің жарқын жұлдызына айналды. Ақпараттық сағатта Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығының маңыздылығын ашып, оқушыларға ұлттық өнерімізге деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыруға бағытталды


