17
март
2025
Серікбол Қондыбайұлының ғылыми мұрасы мен шығармашылығын дәріптеу мақсатында "Серікбол Қондыбай әлемі" виртуалды экскурсия ұйымдастырылды.
№2 Аспара ЖОББМ Серікбол Қондыбайұлының ғылыми мұрасы мен шығармашылығын дәріптеу бойынша іс-шаралар жоспарына сай 8 ә сынып оқушыларымен Д.Масагутова "Серікбол Қондыбай әлемі" тақырыбында вируталды экскурсия ұйымдастырды. Серікбол Қондыбайдың ғылыми еңбектері қазақ халқының мәдениеті мен тарихын зерттеуде аса маңызды орын алады. Оның шығармашылығы жастарға ұлттық құндылықтарды, мифология мен философияны түсінуге көмектеседі. Виртуалды экскурсия арқылы оқушыларға ғалымның өмірі мен ғылыми мұрасының маңыздылығын түсіндіру, сондай-ақ оның еңбектерін құрметтеу мақсатында осындай іс-шаралар өткізу өте маңызды
