24
апрель
2025
1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні
№2 Аспара ЖОББМ 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Ұлттық - бірлік тәуелсіз Қазақстан іргетасы» тақырыбында 8ә сынып оқушыларымен Д.Масагутова дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстелде оқушылар елдегі этносаралық келісім, бейбіт өмір және ұлттық бірліктің рөлі туралы өз ойларымен бөлісті. Қазақстандағы әртүрлі ұлт өкілдерінің бейбіт өмір сүруі – мемлекет тұрақтылығының кепілі екендігі айтылып, видеоматериал көрсетілді, сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырды.
