12
июнь
2025
"Кітап оқи білесің бе?" кітап оқу марафоны
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде "Кітап оқи білесің бе?" тақырыбында марафон өткізілді. Балалар кітапханада әдеби кітаптар мен ертегілерді жарыса оқыды. Кітап-білімнің қайнар көзі. Ол бізге өткен тарихты танытады, болашаққа жол сілтейді. Кітаппен дос болу-өміріңді байыту, сөздік қорыңды көбейту, ой-өрісіңді кеңейту туралы балаларға ақыл-кеңестер берілді. Мақсаты: Кітап оқудың мәні мен маңызын ұғындыру, оқуға деген қызығушылықтарын ояту және сын тұрғысынан ойлауға баулу. Балаларды өздігінен ізденуге және кітаппен дұрыс жұмыс істеуге үйрету. Кітапханашы: Мұхтарова Ж.