"Тіл байлығы - ой байлығы" тілдер апталығы өтті » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Тіл байлығы - ой байлығы" тілдер апталығы өтті
05
сентябрь
2025

"Тіл байлығы - ой байлығы" тілдер апталығы өтті

2025 жылдың 5 қыркүйек күні  Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Тіл байлығы – ой байлығы» атты жалпы мектептік іс-шара өткізілді. Мереке Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен тұспа-тұс келіп, оның тіл ғылымындағы еңбегі мен қазақ әліпбиін қалыптастырудағы рөлі кеңінен насихатталды.

Іс-шараға мектептің 1–11 сынып оқушылары қатысты. Жиын Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталып, мектеп әкімшілігі мерекенің маңызына тоқталып, тілдің ұлт болашағындағы орны туралы ойларын ортаға салды.

Шара барысында бастауыш сынып оқушылары тіл туралы өлеңдер оқып, өз өнерлерін көрсетті. Орта буын оқушылары А.Байтұрсынұлының қанатты сөздері мен еңбектерінен көрініс қойып, тіл тарихына шолу жасады. Жоғары сынып оқушылары «Ана тілім – асыл қазынам» тақырыбында эсселерін оқып, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөліне байланысты пікірлерін білдірді. Сонымен қатар, 10–11 сынып оқушылары арасында «Тілім менің – ғасырларға аманат» атты пікірсайыс ұйымдастырылып, онда қазақ тілінің болашағы мен мәртебесін арттыру мәселелері талқыланды.




Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив