24
декабрь
2021
24 желтоқсан күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында аймақтық «Адамдық борышың...» атты Абай, Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауы өтті.
24 желтоқсан күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 5-11 сынып оқушылары арасында аймақтық «Адамдық борышың...» атты Абай, Шәкәрім мұраларын жатқа айтушылар байқауы өтті. Байқау талай шәкіртті тәрбиелеп, алғаш әріп үйреткен ұстаз Сәруар Айтишқызын еске алуға арналды. Байқаудың мақсаты – оқушыларды ұлы бабамыздың мұраларын танып, зерттеуге ынталандыру. Байқаудың өткізілуіне демеушілік жасаған Сәруар Айтишқызының 1991-1995 жылдары оқытқан шәкірттері 120 000 теңге мен ұл-қыздары 100 000 теңге қаржылай көмек көрсетті. Мектеп директоры Бауыржан Қырықбайұлы, ауыл әкімі ГауҺар Жарасқызы, қамқоршылық кеңес төрағасы Нұржау Демеуұлы мен шәкірті Нұрбол Жайлауұлы Сәруар Айтишқызы туралы естеліктерімен бөлісіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Байқауға №2 Аспара ЖОББМ –нен 6 оқушы, №6 ЖОББМ -4 оқушы, №11 ЖОББМ-нен – 2 оқушы, №13 ЖОББм-нен 1 оқушы бақ сынады. Байқау шарты бойынша ұсынылған 30 өлеңді жаттауы тиіс болды. Байқау үш кезеңнен тұрды. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» кезеңінде қатысушылар қазылар алқысының ұсынған өлең үзінділерін жалғастырып оқып шықты. «Талап» деп аталатын кезеңде өлеңді жалғастырып оқыды. «Білім» кезеңінде қатысушылар өлең мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап берді. Барлық үш кезең қорытындысы бойынша үздік деп танылған №2 Аспара ЖОББМ 8- сынып оқушысы Әбдін Толғанай бас жүлдені және 100 000 теңгелік сертификатты жеңіп алса, №13 ЖОББМ 5-сынып оқушысы Жарылқасын Мирас І орын және 60 000 теңгелік сертификат, №2 Аспара ЖОББМ 8-сынып оқушысы Қанат Бексұлтан ІІ орынды және 40 000 теңгелік сертификат, №6 ЖОББМ 10-сынып оқушысы Қалкен Дина ІІІ орын мен 20 000 теңгелік сертификат, №11 ЖОББМ 6-сынып оқушысы Тұрсын Нурила ІІІ орын мен 20 000 теңгелік сертификатты жеңіп алды. Барлық қатысушыларға Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармалар жинағы тарту етілді.