24
февраль
2026
"Назар аударыңыз - балалар!" онкүндігі
«Назар аударыңыз – балалар» атты онкүндік жоспары аясында 10 «А» сыныбында «Жол жүру ережесін сыйлаңдар» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараны сынып жетекшісі А.Нилдебаева ұйымдастырып, өткізді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға жол жүру ережелерін құрметтеу мен сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, жолда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыру және жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Іс-шара барысында оқушыларға жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, жол белгілерінің мағынасы, бағдаршамның қызметі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар сұрақ-жауап, талқылау ұйымдастырылып, өмірлік жағдаяттар мысал ретінде қарастырылды.
Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды. Қауіпсіздік сағатының нәтижесінде жол жүру ережелерін сақтау – әрбір азаматтың міндеті екені түсіндірілді