07
октябрь
2022
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 7 қазан күні кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес еңбек және кәсіптер әлемі туралы саналы түсінік қалыптастыру
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 7 қазан күні кәсіби бағдар беру жұмыс жоспарына сәйкес еңбек және кәсіптер әлемі туралы саналы түсінік қалыптастыру мақсатында 8-9 сыныптың оқушыларымен Аспара су қоймасының иесі Мамедалі Айдос Болатбекұлының "Балық" шаруашылығына экскурсия жасалды. Айдос Болатбекұлы оқушыларға балыққа қалай күтім жасап, қалай қоректендіретінін және қалай көбейтетінін түсіндірді. Балықтың уылдырығынан көбейтілетін арнайы аппараттармен таныстырды. Оқушылардың балық шаруашылығына деген қызығушылығы артты