19
апрель
2021
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде білім сапасын көтеру бағытында бастауыш сыныптар арасында жүзеге асырылып жатқан «Тіл ұстарту» жобасының алғашқы кезеңі қорытындыланды. Жоба аясында бастауыш сыныптар арасында бірнеше байқаулар ұйымдасты
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде білім сапасын көтеру бағытында бастауыш сыныптар арасында жүзеге асырылып жатқан «Тіл ұстарту» жобасының алғашқы кезеңі қорытындыланды. Жоба аясында бастауыш сыныптар арасында бірнеше байқаулар ұйымдастырылды. Байқау жеңімпаздарына ауыл тұрғыны Бөлтеков Марат Әбдінасырұлы демеушілік жасап, ақшалай сыйлықтар берілді. 1-4 сынып оқушыларынан оқу техникасы алынып, «Үздіктер» сарапталды. Нәтижесінде, 1а сыныбынан Нұрбек Іңкәр, 1ә сыныбынан Сабыр Нұралы, 2а сыныбынан Қуанышбек Руханият, Жарылқасын Еркеназ, 2ә сыныбынан Рақыш Мұхамеджан, 3а сыныбынан Дүйсенбек Айзере, 3ә сыныбынан Нұрғали Нұрай, 4а сыныбынан Бекенбай Саялы, 4ә сыныбынан Дүйшенбек Саян «үздік» деп танылып, сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, 2-4 сынып оқушылары арасында бақылау диктанттары алынып, қатесіз, көркем жазған 2А сынып оқушысы Жарылқасын Еркеназ І орын, 3а сынып оқушысы Ғалым Айару ІІ орын, 4а сынып оқушысы Қазбек Айару ІІІ орын иеленді. Аталған оқушылар алғыс хатпен және ақшалай сыйлықпен марапатталды