15
октябрь
2024
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 15 қазан күні
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2024 жылдың 15 қазан күні Облыс әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл облысының полиция департаментінің 2024 жылғы 14 қазандағы №1-5/1-4-34/5880-И хатына сәйкес, кәмелетке толмағандарды өзіне-өзі қол жұмсаудан қорғау және өзіне-өзі қол жұмсауды насихаттайтын қауіпті сайттардан балаларды қорғау мақсатында 1-11 сынып жетекшілері ата-аналармен онлайн, офлайн форматта ата-аналарға арналған «Балаға қалай көмек көрсету қажет», «Баланың қандай мінез-құлқына назар аудару керек», «Баланың әрекетін қалай басқаруға болады», «Интернетте не істеуге болмайды», «Қайда жүгіну керек» атты жаднамалармен таныстырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ата-аналарға арналған ұсынымдамаларда қауіпті сайттар мен қауіпті онлайн- ойындар туралы ескертілді.