06
ноябрь
2025
«ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ-2026» БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСЫ ЖҮРГІЗІЛДІ.
6 қараша күні 11-сынып оқушыларымен ҰБТ-ге байланысты ақпарат беру мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Мусаева ұлттық бірыңғай тестілеудің өткізілуі ерекшеліктерімен таныстырды. ҰБТ-ның өткізілу мерзімдері мен тіркелуі жөнінде ақпарат беріп, ҰБТ-ға алып кіруге тыйым салынған заттар туралы ескертті. ҰБТ форматы, пәндер бойынша тест сұрақтарының саны, шекті балл, білім беру гранты конкурсына қатысу үшін құжат тапсыру мерзімі, шығармашылық емтихан, арнайым емтихан туралы мағлұматтар берілді.
Педагог- кәсіби бағдар беруші А. Жұманбаева мамандықтарға сәйкес бейіндік пәндерді атап, оқушылардың таңдаған мамандықтары бойынша да талдама жүргізді.

