05
декабрь
2025
11- СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖИНАЛЫС ӨТКІЗІЛДІ.
5 желтоқсан күні 11-сыныптың ата-аналарымен жиналыс өткізілді. Мектеп директор Г. Разакпаева мектептегі ҰБТ-ге байланысты жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды.
⚡ Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары М. Мусаева "ҰБТ-2026" өткізілуі мен ерекшеліктері туралы түсіндірме жұмысын жүргізді. Қаңтар айында өтетін ҰБТ-ге тіркелу жөнінде нұсқаулықтар берілді. ҰБТ-ге дайындық барысында оқушылардан алынған байқау сынақтардың нәтижесімен таныстырды.
⚡Кәсіптік бағдар беруші педагог А. Жұманбаева мамандықтар бойынша өткен оқу жылындағы жалпы конкурс және ауылдық квотамен ЖОО-на түсу баллдарымен таныстырды. Бейіндік пәндерге сәйкес мамандықтар туралы да ақпарат берді.
