Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шық
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 64 Қаулысы.
Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) "Қазақстан Республикасында орта білім жүйесін одан әрі реформалау жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 28 тамыздағы N 812 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 29, 258-құжат), 1-тармағының, 3-тармағы 2) тармақшасының;
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Қазақстан Республикасының | ||
Премьер-Министрі | ||
Қазақстан Республикасы | ||
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 30.12.2020 № 949 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
3) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға;
4) төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
Қамқоршылық кеңес білім беру ұйымының алқалы басқару органы болып табылады.
3. Материалдық көмек көрсетуге бөлінетін бюджет қаражаты:
1) киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға;
2) білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыруға;
4) мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысуға;
Қаржылық көмек көрсету осы Қағидалардың 1-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілер үшін жүзеге асырылады.
Қаражатты жұмсаудың басым бағыты білім беру ұйымында болған кезеңде бір реттік тамақтандыруды ұйымдастыру болып табылады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдары әрбір білім алушы мен тәрбиеленушіге киім, аяқ киім, мектеп-жазу керек-жарақтарын сатып алуға арналған бюджет қаражатының көлемін қолданыстағы республикалық бюджет туралы заңнамаға сәйкес ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен емес мөлшерде белгілейді. Осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген санаттарға жатқызылған білім алушылар мен тәрбиеленушілерге киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының өтінішіне сәйкес ақшалай нысанда жүзеге асырылады, қаражаттың нысаналы пайдаланылуы олар сатып алынған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде білім беру ұйымына міндетті түрде құжаттамамен (төлем туралы түбіртектер, чектер, фото) расталады.
Жергілікті өкілді органдар қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдамалар беру үшін жергілікті бюджеттерде қосымша қаражат көздеуге құқылы.
Қала сыртындағы және мектеп жанындағы демалыс лагерьлеріне жолдамалар сатып алу, мәдени-бұқаралық және спорттық іс-шараларға қатысу, сондай-ақ қосымша сабақтар ұйымдастыру осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге де қолданылады.
Оқу жоспары мен бағдарламалары бойынша бөлінген оқу уақытынан тыс пәндер (пәндер және пәндер циклдері) бойынша білім алушылармен және тәрбиеленушілермен қосымша сабақтар ұйымдастыруды мемлекеттік білім беру ұйымдары қашықтан оқыту кезінде пайдаланылатын ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және телекоммуникациялық құралдар арқылы жүзеге асырады.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген білім алушылар мен тәрбиеленушілерге осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген материалдық көмек заңнамада белгіленген кепілдік берілген әлеуметтік пакет шеңберінде ұсынылады.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Білім беру ұйымында өтініштерді қарау үшін бірінші басшының шешімімен жауапты тұлға бекітіледі.
Жауапты тұлға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналын жүргізеді.
Ата-анасының немесе оларды алмастыратын адамдардың не кәмелеттік жасқа толған білім алушының (бұдан әрі – өтініш беруші) өтініші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша білім беру ұйымына оның бірінші басшысының атына беріледі.
Өтініш қажетті құжаттармен бірге өтініш түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
Өтініш беруші құжаттарды көшірмелерде және салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда ұсынады, содан кейін осы Қағидалардың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санатын қоспағанда, түпнұсқалар өтініш берушіге қайтарылады.
Білім беруді басқару органы немесе жауапты тұлға өтініш берушінің осы Қағидалардың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген тұлғалар санатына тиесілігі жөніндегі, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың табысы туралы мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне сұрау салу жібереді.
Осы Қағидалардың 1-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген тұлғалардың санатын отбасының материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру қорытындысы негізінде білім беру ұйымының алқалы органы анықтайды.
Өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тексеру қорытындысына алқалы басқару органның өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және танысу үшін өтініш берушіге, ал ол болмаған жағдайда, оның қатысуымен отбасының тексеру жүргізуге қатысқан кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшесіне ұсынылады.
Өтініш берушінің, ал ол болмаған жағдайда – отбасының кәмелетке толған, әрекетке қабілетті мүшелерінің бірінің тексеру жүргізуден бас тартуы алқалы басқару органның өкілдері қол қоятын қорытындыда тіркеледі.
Алқалы басқару органының отырыстары осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған алқалы басқару органның қатысып отырған өкілдері, жауапты тұлға қол қояды және білім беру ұйымының бірінші басшысының шешімімен бекітіледі.
Қаржылық және материалдық көмек:
1) көрінеу жалған ақпарат және (немесе) дәйексіз құжаттар ұсынған адамдарға (отбасыларға);
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Білім беру ұйымдары 30 қыркүйекке, 30 желтоқсанға, 30 наурызға және 30 мамырға дейінгі мерзімде еркін нысан жергілікті атқарушы органға жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша есептілікті ұсынады.
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
Қаржылық және материалдық көмек алуға өтініштерді тіркеу журналы
Р/с № | Тіркеу нөмірі | Өтініш қабылдан ған күн | Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Өтініш берушінің тұратын мекенжайы | Қарауға берілген күні | Қорытынды қабылданған күн | ||
Кестенің жалғасы | ||||||||
Көмек түрі (қаржылық/материалдық) | Білім алушы мен тәрбиеленушіге қаржылай немесе материалдық көмек көрсету үшін тағайындалған жалпы сома (теңге) | |||||||
Мемлекеттік білім беру | ||||||||
әлеуметтік көмек алмайтын, жан | ||||||||
балаларға, ата-анасының | ||||||||
Нысан
Ұйым басшысы | |
______________________ | |
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________ | |
(өтініш берушінің (тегі, аты, | |
_______________________ | |
(үйінің мекенжайы) | |
_______________________ | |
(ұялы тел., Е-mail) |
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 08.08.2022 № 544 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Сізден ___________________________________________________________
(себептер көрсетіледі) байланысты
_______________________________ сыныптың білім алушысы, тәрбиеленушісі
__________________________________________________________________
түрінде (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
______________________ қаржылық/материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын.
Киім, аяқ киім, мектеп керек-жарақтарын сатып алғанда оларды сатып алған күннен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаражаттың нысаналы жұмсалғанын растайтын құжаттарды ұсынуға келісемін.
Жалған ақпарат пен анық емес (жалған) құжаттар бергенім үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
"____" ________________ ___________________ ______________
(күні) (тегі, аты, әкесінің аты (қолы) (бар болса)
Мемлекеттік білім беру | |
Нысан |
1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
__________________________________________________________________
2. Тұрғылықты мекенжайы
__________________________________________________________________
3. Жұмыс орны, лауазымы
__________________________________________________________________
4. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есепке алынады) _____
адам, оның ішінде:
№ | Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Туған күні | Өтініш берушіге туыстық қатынасы | Білімі | Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны, тәуелсіз қызметкерлер, жұмыссыз) | Жұмыспен қамтылмау себебі | Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелуі туралы деректер | Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік шараларына қатысуы туралы мәліметтер |
Еңбекке қабілетті барлық адам_____________. Жұмыссыз ретінде тіркелгендері ______адам. Жұмыспен қамтылмаудың басқа да себептері (іздеуде, бас бостандығынан айыру орындарында)______ адам. Кәмелетке толмаған балалардың саны _______ адам, оның ішінде: толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі білім алушылар _______ адам, жасы ________; жоғары және орта арнаулы оқу орындарында ақылы негізде оқитындар ________ адам, оқу құны жылына бір оқушыға ______________теңге. 5. Тұрмыс жағдайлары (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын кооператив, жеке тұрғын үй немесе өзге) (қажеттісінің астын сызу) ____________________________________________________ ____________________________________________________ Ас бөлмесін, қойманы және дәлізді есептемегенде бөлмелер саны _____ Тұрғын үйді ұстауға бір айдағы шығыстар ________________ 6. Отбасы табысы |
№ | Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) | Табыс түрі | Өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы сома | Жеке қосалқы шаруашылық (үй жанындағы учаске, мал және құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер) |
7. Мыналардың бар-жоғы:
автокөлік (маркасы, шығарылған жылы, құқық белгілейтін құжат, оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)
____________________________________________________
____________________________________________________
қазіргі уақытта тұрып жатқан тұрғын үйден басқа тұрғын үй (оны пайдаланудан түскен мәлімделген кірістер)
____________________________________________________
____________________________________________________
8. Отбасының өзге табыстары (нысаны, сомасы, көзі):
____________________________________________________
____________________________________________________
9. Көрініп тұрған мұқтаждық белгілері
____________________________________________________
10. Әл-ауқатының көрнекі белгілері
____________________________________________________
____________________________________________________
11. Тұрмысының санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы
____________________________________________________
12. Басқа байқалғаны:
____________________________________________________
____________________________________________________
Алқалы басқару органының өкілдері:
_____________________________ _____________________________________
Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға:
__________________________ _____________________________________
__________________________ _____________________________________
__________________________ _____________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Жасалған актімен таныстым:
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы
____________________________________________________
Тексеру жүргізуден бас тартамын
____________________________________________________
(Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен отбасылардан шыққан білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне және жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалып, отбасыларда тұратын балаларға, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға және өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қаржылай және материалдық көмек көрсетуге бөлінетін қаражатты қалыптастыру, жұмсау бағыты мен оларды есепке алу қағидаларына | |
4-қосымша | |
Нысан |
(Орналасқан жері) (Уақыты мен күні)
1. Алқалы басқару органының құрамы: ______________________________ (құрамын көрсету) (Т.А.Ә.)
2. Қаржылық / материалдық көмек алуға өтініштер тіркеу журналына сәйкес хронологиялық тәртіппен тіркелген:
Р/с № | Өтініш берушінің Т. А. Ә. | Білім алушының/тәрбиеленушінің Т. А. Ә., сыныбы | Күні/өтініш нөмірі | Көмек түрі | |
Қаржылық | Материалдық | ||||
1. | |||||
2. | |||||
3. | |||||
Жиыны |
өтініштерді қарау кезінде барлық қатысушыларға жария етілді.
3. Алқалы басқару органы растайтын құжаттармен бірге өтініштерді қарап, ашық дауыс беру арқылы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1) Мына өтініш берушілерге көмек көрсетілсін:
Р/с № | Өтініш берушінің Т. А. Ә. | Білім алушының/тәрбиеленушінің Т. А. Ә., сыныбы | Күні/өтініш нөмірі | Санаты | Қаржылай көмек, теңге | Материалдық көмек | |
түрі | сомасы, теңге | ||||||
1. | |||||||
2. | |||||||
3. | |||||||
Жиыны | |||||||
2) __________________________________________________ (негіздеме) себебі бойынша көмек көрсетуден бас тартылсын. Бұл шешім үшін дауыс берді: Қолдайды ______ дауыс (алқалы басқару органы өкілдерінің Т.А.Ә.); Қарсы ______ дауыс (алқалы басқару органы өкілдерінің Т.А. Ә.). Алқалы басқару органының өкілдері: _______________ ___________________ _______________ ___________________ Білім беру ұйымының бірінші басшысының бұйрығымен бекітілген жауапты тұлға _______________ ____________________ (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Жасалған актімен таныстым: Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы |