12
ноябрь
2024
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысының қорытындысы
Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі (бракераждық) комиссия мүшелері 12 қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізді. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы, дайын өнімнің сапасы, күнделікті мәзірдің перспективалық ас мәзіріне сәйкестігі, ауыз су режимінің ұйымдастырылуы, өнімдерді сақтау шарттарының сақталуы, ас блогының жай күйі қаралды. Нәтижесінде қайманың, ұн цехының, пісіру цехының санитарлық жағдайының талапқа сай келмейтіндігі анықталды. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Асханадағы жүргізілген тексеру сарапталып, ұсыныс берілді.