«Тамақтану мәдениеті» » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
22
декабрь
2025

«Тамақтану мәдениеті»

№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде «Тамақтану мәдениеті» тақырыбында 4 сыныптар аралығында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының негізгі мақсаты – оқушыларға дұрыс тамақтанудың маңызын түсіндіру, ас ішу кезіндегі мәдениеттілік пен тазалық ережелерін сақтауға үйрету, тағамды қадірлеу және салауатты өмір салтына баулу.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға тамақтану мәдениеті туралы түсінік берілді. Ас ішер алдында қолды жуу, үстелде дұрыс отыру, тамақты асықпай жеу, үлкендерді сыйлау, тағамды төкпей-шашпай жеу сияқты негізгі ережелер түсіндірілді. Сонымен қатар, дұрыс тамақтанудың адам денсаулығына тигізетін пайдасы туралы әңгіме жүргізілді.

Сабақ барысында әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікір алмасу әдістері қолданылды. Оқушылар берілген сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын еркін жеткізді. Тәрбие сағаты оқушылардың қызығушылығын арттырып, белсенділік танытуына мүмкіндік берді.

Тәрбие сағаты соңында оқушылар тамақтану мәдениетін сақтаудың маңызын түсініп, күнделікті өмірде қолдануға уәде берді. Іс-шара өз мақсатына жетті және оқушыларға тәрбиелік мәні зор болды.

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив