13
февраль
2026
Дұрыс тамақтану
№2 Аспара ЖОББМ 2026 жылдың 13 Ақпан күні «Жапсырмаға 5 секунд назар аударсаң – денсаулығыңды сақтайсың» тақырыбында 1–11 сынып оқушыларына ақпараттық-ағартушылық бейнеролик көрсетілді.
Бейнероликтің мақсаты – оқушыларға тағам өнімдерінің жапсырмасындағы (құрамы, жарамдылық мерзімі, сақтау шарттары) ақпаратқа назар аударудың маңыздылығын түсіндіру. Оқушыларға дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру, денсаулыққа зиянды өнімдерден сақтану жолдары түсіндірілді.
Шара барысында балалар өнім құрамындағы қант, тұз, түрлі қоспалар мөлшерін оқудың қажеттілігін білді. Сондай-ақ, жарамдылық мерзімі өткен тағамдарды қолданудың қауіптілігі айтылды.
Мұндай ағартушылық жұмыстар жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға және саналы таңдау жасауына ықпал етеді.