7 сәуір дүниежүзлік Денсаулық күніне орай дұрыс тамақтануды насихаттау іс-шаралары
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде мектепшілік жоспарға сәйкес 7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күніне орай білім алушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтанудың маңыздылығын түсіндіру мақсатында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
2026 жылдың 7 сіуір күні мектеп медбикесі мен сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен оқушыларға «Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында оқушыларға адам ағзасына пайдалы тағам түрлері, дәрумендер мен минералдардың маңызы, күнделікті тамақтану режимін сақтау қажеттілігі туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, фаст-фуд, газдалған сусындар мен зиянды тағамдардың адам денсаулығына тигізетін кері әсері түсіндірілді.
Мектеп медбикесі оқушыларға таңғы астың маңызы, дұрыс тамақтану пирамидасы, су ішудің қажеттілігі және иммунитетті нығайту жолдары жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып, кеңестер берді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, олардың қызығушылықтары артқаны байқалды.
Іс-шара барысында санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау, жеке бас тазалығы және дұрыс өмір салтын ұстану туралы да түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, сынып жетекшілері тарапынан тақырыпқа байланысты тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, оқушылардың білімдерін толықтыруға ықпал жасалды.
Жалпы, өткізілген іс-шаралар оқушылардың дұрыс тамақтану туралы білімдерін арттырып, денсаулыққа деген жауапкершіліктерін қалыптастыруға өз септігін тигізді. Оқушылар белсенділік танытып, пайдалы ақпараттар алды.
Қорытындылай келе, Дүниежүзілік денсаулық күніне арналған іс-шаралар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қойылған мақсат толықтай орындалды.
