17
март
2022
17 наурыз күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде "Дұрыс тамақтану" айдары бойынша қаңтар айында басталған шаралар циклын Ұлыстың ұлы күні, қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесінің қарсаңында "Аспазшы" үйірмесі
17 наурыз күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде "Дұрыс тамақтану" айдары бойынша қаңтар айында басталған шаралар циклын Ұлыстың ұлы күні, қазақтың жаңа жылы Наурыз мерекесінің қарсаңында "Аспазшы" үйірмесінің жетекшісі А. Қасымова қорытындылады. Іс-шара барысында 8-сынып оқушылары "Наурыз көженің" жасалуы мен ерекшелігі, қосылатын 7 түрлі заттың мәні мен адам ағзасына тигізер пайдасына тоқталып өтті. Шара соңында жүргізілген кері байланыс барысында оқушылар өткізілген 5 циклдан алған ақпараттары мен түйген мағлұматтарын ортаға салды.