07
октябрь
2022
"Дәрумендер" сайысы
Дұрыс тамақтану және тамақтану мәдениетін қалыптастыру мақсатында 7 қазан күні 5-6 сыныптар арасында "Дәрумендер" сайыс сабағы өтілді. Сайыстан сабақ барысында оқушылар адам денсаулығына дәрумендердің тигізетін пайдасы, жеміс- жидек, көкөністердің қандай дәрумендерге бай екендігі туралы мәліметтер алды. Сайыс сабақты ұйымдастырған көркем еңбек пәнінің мұғалімдері С. Малдыбаева мен А. Касимова 3 кезеңде қызықты тапсырмалар берді. Нәтижесінде, 5а сынып 1- орын, 6а сынып 2- орын, 5ә-6ә сыныптары 3- орындар иеленді.