18
сентябрь
2025
"Терроризм мен экстремизм" туралы түсіндіру жұмыстары
Бүгін мектебіздің оқушыларына "Терроризм мен экстремизмнің алдын алу" мақсатында түсіндіру жұмыстары өткізілді. Іс-шара барысында білім алушыларға терроризм мен экстремизм ұғымдары, олардың қоғамға, мемлекетке және азаматтарға тигізетін зияны туралы ақпарат берілді. Қазақстан Республикасының терроризм мен экстремизмге қарсы заңнамалары таныстырылып, құқық бұзушылықтың салдары түсіндірілді.Мақсаты:
Білім алушыларға терроризм мен экстремизмнің қоғамға қауіпті құбылыс екенін түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру, радикалды идеологиялардың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және ақпараттық қауіпсіздік дағдыларын дамыту.