"Психологтың үздік кабинеті" байқауы
«Психологтың үздік кабинеті» байқауы аясында психолог кабинеттерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, эстетикалық безендірілуі және әдістемелік қоры таныстырылды. Мақсаты: Педагог-психолог кабинетінің жұмысын жетілдіру, психологиялық қызметтің сапасын арттыру, кабинеттің эстетикалық безендірілуі мен әдістемелік қамтамасыз етілу деңгейін анықтау және озық тәжірибені насихаттау.