22 наурыз күні "Қош келдің, әз Наурыз төрлет!" іс-шара
22 наурыз күні мектебімізде «Қош келдің, әз Наурыз, төрлет!» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау, салт-дәстүрлерді дәріптеу және оқушылардың рухани-мәдени тәрбиесін дамыту болды. Мерекелік бағдарлама барысында оқушылар ұлттық киім киіп, қазақ халқының салт-дәстүрлерінен көріністер көрсетті. Әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, ұлттық билер биленді. Қонақтар мен ұстаздарға арнап ақ дастархан жайылып, ұлттық тағамдар