Балалар кітапханасы жобасы аясында "Кітап - сарқылмас рухани қазына"
Балалар кітапханасы жобасы аясында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде «Кітап – сарқылмас рухани қазына» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ кітаптың адам өміріндегі маңызын түсіндіру болды.