Материалы за Апрель 2026 года » Страница 4 » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Апрель 2026 года » Страница 4
"WordSkills Merke-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты
17
апрель
2026
"WordSkills Merke-2026» кәсіби шеберлік чемпионаты
2026 жылдың 17  сәуір  күні аудан аумағында орналасқан  №9 Меркі колледжінде  "WordSkills Merke-2026»  кәсіби шеберлік чемпионаты 9 сынып білім алушылары үшін ашық есік күні ұйымдастырылды. WordSkills – мақсаты жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болып табылады. 9-сынып оқушылары мен  кәсіптік бағдар беруші А.Жуманбаеваның жетекшілігімен іс-шараға қатысып,  колледждің білім беру бағдарламалары, материалдық-техникалық базасы және студенттік өмірі туралы
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА !
17
апрель
2026
АТА-АНАЛАР НАЗАРЫНА !
  9(10 ) және 11(12)-сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау емтихандарының ресми мерзімдері: 9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары – 2026 жылғы 29 мамырдан бастап 11 маусым аралығында;       11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары – 2026 жылғы 2-15 маусым аралығында. 9 (10)-сынып оқушылары үшін:       1) математика (алгебра) бойынша жазбаша емтихан – 2026 жылғы 29 мамыр;       2) таңдау пәні бойынша жазбаша емтихан (физика, химия, биология, география,
"Даналық мектебі" жоспары аясында "Аталар мектебі" клубы мүшелерімен сабақ ұйымдастырылды
16
апрель
2026
"Даналық мектебі" жоспары аясында "Аталар мектебі" клубы мүшелерімен
Даналық мектебі аясында «Аталар мектебі» клубымен «Туыстық қарым-қатынас – баға жетпес байлық» тақырыбында тәрбиелік мәні зор сабақ ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға отбасы құндылықтарын, туыстық байланыстың маңызын түсіндіру, үлкендерді құрметтеу мен кішіге ізет көрсету сияқты ұлттық тәрбиенің негіздерін насихаттау, құқық бұзушылықтың алдын алу. Сабақ барысында қатысушыларға қазақ халқының салт-дәстүрлері, отбасылық қарым-қатынастағы әдеп нормалары, ұрпақтар
"Денсаулық-өмір негізі"
16
апрель
2026
"Денсаулық-өмір негізі"
             2026 жылдың 17 сәуір күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 4-сынып оқушылары арасында «Денсаулық – өмір негізі» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау, дұрыс тамақтану және жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын қалыптастыру болды. Іс-шара барысында оқушыларға денсаулықты сақтау жолдары, күн тәртібін дұрыс ұйымдастыру, спортпен шұғылданудың пайдасы туралы
23 сәуір – Ұлттық кітап күні орай   «Гаджет пен рухани даму» пікірталас ұйымдастырылды
16
апрель
2026
23 сәуір – Ұлттық кітап күні орай «Гаджет пен рухани даму»
 23 сәуір – Ұлттық кітап күні  Пікірталас: «Гаджет пен рухани даму»  Гаджет – заман талабы  Кітап – рухани байлық  Қайсысы маңызды?  Жауап – тепе-теңдікте!  Оқушылар өз ойларын ортаға салып, цифрлық әлем мен кітаптың орнын талқылады.  Кітап – ойды тереңдетеді  Гаджет – мүмкіндікті кеңейтеді  Екеуін үйлестіре білсек – болашағымыз жарқын!
“Мамандық таңдау – маңызды шешім” тақырыбында тәрбие сағаты
16
апрель
2026
“Мамандық таңдау – маңызды шешім” тақырыбында тәрбие сағаты
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде кәсіптік бағдар бағыты бойынша   9 - сынып жетекшілері  Э.Адылканова мен С.Малдыбаева  “Мамандық таңдау – маңызды шешім” тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.  Мақсаты:  Оқушыларға мамандық таңдаудың жауапты әрі маңызды шешім екенін түсіндіру, өз қабілеті мен қызығушылығын ескере отырып дұрыс таңдау жасауға бағыт беру, болашақ мамандыққа деген саналы көзқарас пен жауапкершілік қалыптастыру.
"Директордың қауіпсіздік сабағы" ұйымдастырылды
15
апрель
2026
"Директордың қауіпсіздік сабағы" ұйымдастырылды
 «Кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» екі айлығының жоспарына сәйкес мектеп директоры Г. Разакпаева «Директордың қауіпсіздік сабағын» ұйымдастырып, 9-сынып оқушыларымен "Жасөспірімдер арасында буллинг пен  кибербуллингтің алдын алу" тақырыбында қауіпсіздік сабағын өткізді. Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, буллинг пен кибербуллингтің зияны туралы түсіндіру, сондай-ақ оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.
"Денсаулық-зор байлық" дөңгелек үстел
15
апрель
2026
"Денсаулық-зор байлық" дөңгелек үстел
  2026 жылдың 15 сәуір күні №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 7–8 сынып оқушылары арасында «Денсаулық – зор байлық» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, жеке бас гигиенасын сақтау дағдыларын дамыту және зиянды әдеттердің алдын алу болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар денсаулықты сақтау жолдары, дұрыс әрі теңгерімді тамақтану, күн тәртібін