06
февраль
2023
Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі
Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің «Жамбыл облысы Меркі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі бастығының 2023 жылғы 2 ақпандағы №137 хатына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің Шоқан Уалиханов атындағы әскери колледжінің өкілдері - әскери пәндер циклының сержанты 2- сынып сержант Сарсембаев Нуржан Азаматович, атыс және қару-жарақ циклының 2-сынып сержанты Мырзабаев Шанияр Гаппарович және Меркі ауданының Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының орынбасары майор Жумагулов Тәуіржан Сәбиевич, аудан білім бөлімінің әдіскері Асқар Думан Сәкенұлы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы білім беретін мектеп – лицей базасында аудандық жоғары сынып оқушылары арасында үгіт- насихат жұмыстарын жүргізді. Үгіт – насихат барысында әскери колледж туралы бейнероликтер көрсетілді және құжаттарды қабылдау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Оқушылар өз көкейіндегі сұрақтарды қойып жауап алды.
Жиынға №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің АӘД жетекшісі А.Мауленбековтың жетекшілігімен 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Педагог-кәсіби бағдар беруші Касимова А.З.
Жиынға №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінің АӘД жетекшісі А.Мауленбековтың жетекшілігімен 9-10 сынып оқушылары қатысты.
Педагог-кәсіби бағдар беруші Касимова А.З.