05
декабрь
2025
11-сынып оқушыларының ата-аналарымен өткізілген жиналыс
5 желтоқсан күні 11-сынып ата-аналарымен мамандық туралы мағлұмат беру, мамандық таңдаудағы қателіктерге жол бермеу мақсатында жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында кәсіптік бағдар беруші педагог А. Жуманбаева мамандық таңдаудағы маңызды қадамдармен таныстырды. 2025 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша көп конкурс болған мамандықтар, жоғары оқу орындарына түсудегі шекті баллдар туралы да айтылды. Жиналыс соңында ата-аналар сұрақтар қойып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.