15
февраль
2023
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылы 15 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №03-625 хатына және Меркі білім бөлімінің №165 бұйрығы
№2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 2023 жылы 15 ақпан күні Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 2023 жылғы 13 ақпандағы №03-625 хатына және Меркі білім бөлімінің №165 бұйрығына сәйкес, мектепте қауіпсіз шараларын күшейту, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы №235 бұйрығымен бекітілген «Мектепке және мектептің аумақтарына әкелуге тыйым салынған, оларда пайдалануы шектелген нәрселер мен заттардың тізбесі» туралы бұйрығымен таныстырып, білім алушыларға өздерімен бірге тыйым салынған заттарды алып жүрмеулері туралы, сондай-ақ мектеп оқушыларының оқу сабақтары кезінде смартфон, планшет, плейерлерді пайдалануына жол берілмейтіндігі туралы айтып, түсіндіру жұмысы жүргізілді. Сондай –ақ ата – аналарға Whatsapp желісі арқылы жаднама және бейнеролик таратылып, мектепке және олардың аумақтарына әкелуге тыйым салынған өткір, кесетін т.б. қауіп төндіретін заттардың әкелмеуін қамтамасыз ету мақсатында қатаң түрде ескерту жасалынды.Осы бұйрыққа сәйкес рейд мүшелері сыныптар арасында "Тыйым салынған заттар " тақырыбында рейд жұмыстарын ұйымдастырды.