27
июнь
2025
"Есте сақтау қабілеттерін дамыту " тренинг-сабағы
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьіндегі балаларға жас ерекшеліктеріне қарай "Есте сақтау қабілеттерін дамыту" тренинг-сабағына байланысты суреттер таратылды. Балалар мұқият қарап, кейін қойылған сұраққа өз есте сақтау қабілеттеріне қарай жауап берді. Балалар жақсы жауап бере білді. Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілетін дамыту. Назарын шоғырландыруды үйрету. Сөздік қорын және ойлау қабілетін жетілдіру. Қызығушылықпен және белсенділікпен жұмыс істеуге баулу. Бірлесіп жұмыс жасауға тәрбиелеу. Мектеп психологы: Мамырбаева З.Б