20
октябрь
2025
"Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты" әдістемесі
Педагогикалық ұжымның психологиялық климаты- мұғалімдердің бір-бірімен қарым-қатынасы, ынтымақтастығы, өзара қолдауы және жалпы эмоционалдық ахуалының көрсеткіші. Ұжым ішіндегі қолайлы климат кәсіби тиімділікті арттырып, жұмысқа деген мотивацияны күшейтеді. Мұндай ортада мұғалімдер өз ойларын ашық айтады, бір-біріне сенім білдіреді, қиын жағдайда қолдау көрсете алады. Ұжымдағы коммуникация сапасын, эмоционалдық жайлылықты және топ мүшелерінің жалпы көңіл-күйін бағалауға мүмкіндік береді. Мақсаты: Педагогикалық ұжымдағы өзара түсіністік, қолдау, сыйластық пен тиімді қарым-қатынасты анықтау, ұжым мүшелерінің эмоционалдық жағдайын бағалау және қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.