30
январь
2025
Музыка және форма .Музыка пәні
2025 жылдың 30 қаңтарында №2 Аспара ЖОББМ аудандық "Сапалы білім-тиімді жоспар, нәтижелі сабақ" жобасы аясында 3 "А" сынып білім алушыларымен музыка пәнінен "Музыка және форма" тақырыбында Қалжанова Майра ашық сабақ өтті. Сабақ барысында білім алушылар оқу мақсатына сай тапсырмалар орындады. Білім алушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында, сонымен қатар сабақты жақсы меңгерту үшін "Жұмыртқа ашу" әдісі,сабақты қорытындылау кезінде "бағдаршам" әдісі қолданылды. Сабақ өту барысында мұғаліммен білім алушылар арасындағы қарым-қатынас ерекше байқалды. Барлық білім алушылар сабаққа белсене қатысты.
