ББЖМ-ға 4-сыныптарға дайындық тест үлгісі » СШ№2 Аспара
Қабылдау бөлімі :
+7(72632) 2-50-22
Есепші бөлімі:
+7(72632) 2-50-22
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ББЖМ-ға 4-сыныптарға дайындық тест үлгісі
10
март
2022

ББЖМ-ға 4-сыныптарға дайындық тест үлгісі

4-synyp.pdf [818,87 Kb] (cкачиваний: 668)
Посмотреть онлайн файл: 4-synyp.pdf 4-synyp.pdf [818,87 Kb] (cкачиваний: 668)
Посмотреть онлайн файл: 4-synyp.pdf 4-synyp.pdf [818,87 Kb] (cкачиваний: 668)
Посмотреть онлайн файл: 4-synyp.pdf

Оқу сауаттылығы 
1 мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. 
Байлық пен ақыл 
 
Қарияның тӛрт ұлы болыпты. Ұлдарын жинап алып: – Балаларым, мен қартайдым. Сендер ержеттіңдер. Кімнің ақылы мен байлығы сай болса, сол менің мұрагерім болады, – депті. Yлкен ұлы асыл тасты жүзікті қолын кӛрсетіп: – Міне, кім бай болса, сол ақылды, – депті.         Eкінші ұлы асыл киімдерін киіп келеді де:         – Мені кӛргендер ақылым мен байлығымның алдында бас иеді, – дейді.         Yшінші ұлы күміспен, алтын тастармен әшекейленген белдігін буынады да:        – Мұндай белдік ешкімде жоқ, – дейді.        Әкесі басын шайқайды да, ең кіші ұлына қарап:         – Сен қандай байлығыңмен мақтанасың? – дейді.        Cонда кенжесі былай депті: – Менде асыл тасты жүзік те, сәнді киім де, қымбат тастармен әшекейленген белдік те жоқ. Тек еңбек сүйгіш екі қолым, қайрат-жігерге толы жүрегім ғана бар. Қария кенже ұлының жауабына риза болыпты. Оны ӛзінің мұрагері етіп қалдырыпты. Ал үлкен балаларына інісінің айтқанынан шықпауды ӛсиет етіпті.  
 
 1. Әкесінің балаларына айтқан ӛсиеті A) алтын белдігі бар үшінші ұлды құрметтеу B) кенже ұлдың айтқанынан шықпау C) асыл тасты жүзігі бар үлкен ұлды сыйлау D) асыл киімді екінші ұлдан үлгі алу  2. Әкесінің балаларын жинаудағы негізгі ойы A) байлықтарын тексеру B) жомарттығын білу C) мейірімділіктерін байқау D) ақылдылықтарын анықтау  3. Қарияның үлкен ұлдарына тән қасиет  A) белдікке мақтану B) байлыққа масаттану C) киіміне шаттану D) жүзігіне қуану   

 
  4. Mәтін мазмұнына сәйкес келетін мақал A) Білімсіз адамның ӛрісі тар, құлашы қысқа.  B) Ақылы кӛпті дау алмайды, досы кӛпті жау алмайды.  C) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.  D) Ӛзіңе сен, ӛзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтан.  
 
2  мәтін 
Нұсқаулық: Мәтінді мұқият оқып, берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. 
Баланың тапқырлығы 
 
Eрте заманда ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Киіз үйлерге қонған шегіртке туырлық екеш туырлықты да жеп кетіпті. Үйлер уық, керегесімен ғана қалып, арса-арсасы шығыпты. Бұл апат патшаны састырып, уәзірлерді қарбаласқа түсіріпті. Шабармандар тұс-тұсқа шапқылап, дал болыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі : – Дәрімен құрту керек, – десе, енді бірі: – Oтпен құрту керек екен, – дейді екен. Енді біреуі: – Oның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек, десе, – тағы біреуі: – Қыста барлығы үсіп ӛлмей ме? – деп бас қатырыпты. Ақыры мұның шарасын табатындығын айтып, ордаға құс бағушы бала келіпті. Бірақ оның сӛзіне ешкім нанбапты. Әуелі уәзірлері мазақ етіпті. Амалы таусылған бала ақыры қараторғай қамаған тордың аузын ашыпты, сол-ақ екен топ-тобымен дүркірей ұшқан қараторғай шегірткелерді жей бастапты. Әбден тойған қараторғайлар дереу бұлақ басына барып суға шомылып, тұмсығымен қанаттарындағы шегіртке майын жуып тастап, қайта шегіртке аулауға аттанады екен. Халық баланың тапқырлығына таң қалып, қараторғайдың еңбекқорлығы мен тазалығына риза болыпты. Ал уәзірлер ӛздерінің надандығынан ұялыпты. «Асыл тастан, ақыл жастан» деген мақал осыдан қалыпты.    5. Eн даланы жаулаған жәндік A) маса B) ара C) торғай D) шегіртке   

 
  6. Mәтіндегі қарамен жазылған сӛйлемнің иесі A) уәзір B) шабарман C) хан D) бала  7. Mәтіндегі мақалдың мағынасы A) ақыл жасқа қарамайды B) ақыл шексіз болады C) жастар ақылды болады D) асыл мен ақыл бірдей  8.  Mәтіндегі қарамен жазылған сӛздің синонимі A) жаулапты B) састырыпты C) бағынбапты D) сенбепті  9. Құс бағушының елді таңқалдырған іс – әрекеті A) қараторғайды ұшырғаны B) амалы таусылғаны C) ордаға келгені D) шегіртке аулауы 10. Mәтіннің негізгі идеясына сәйкес келетін мақал A) Ақылы аздың ашуы кӛп. B) Ақылы асқанды аға тұт. C) Ақыл тозбайды, алтын шірімейді. D
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив