23
сентябрь
2021
Сапалы дайындық- тиімді нәтиже
11 сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім. Қорытынды аттестаттауды жақсы тапсыру үшін оған сапалы дайындық қажет. Оқушы білімді меңгеріп қана қоймай, оны іс-жүзінде қолдана алуы керек. Осы бағытта №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді. Қосымша кеңес беру сабақтарының кестесі жасалып, дайындық сабақтары өткізіледі. 23 қыркүйек күні 11- сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, оқушылардың дайындық деңгейі мен сапасына талдама жасалды. Пән мұғалімдері әрбір оқушыға сараптама жасап, кері байланыс берді.