17
март
2022
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ
ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ
Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жариялады. Жолдаудың мән-маңызы ерекше, себебі ол ең алдымен қоғамның қажеттілігі мен сұранысына негізделді, халықтың көкейінде жүрген маңызды мәселелерге жауап берді. Мемлекет басшысы ел азаматтарымен бірге Жаңа Қазақстанның құрылатындығын атап өтті. Жаңа Қазақстанды құру жолында саяси реформалардың жаңа бағдарламасы мен әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шаралар туралы аңықтады. Президент ел тарихындағы маңызды сәттерде әрдайым халықпен бірге екендігін көрсетті.
Қ.К. Тоқаев заңнамаларға бірнеше өзгерістер ұсынды. Олар:
-Кез-келген партияда мемлекет басшысының мүшелігін тоқтату;
-Президент туыстарына саяси мемлекеттік лауазымдарды иемдеуге тыйым салу;
-Облыс және аймақ әкімдері, олардың орынбасарлары партия филиалдарында басшылық етпеу;
-Сенаттағы президенттік квотаны 15 депутаттан 10 депутатқа дейін қысқарту;
-Партияны тіркеу үшін 20мың адамнан 5 мың адамға дейін төмендету ;
-Әділ әрі құқықтық мемлекет құру жолында Конституциялық Сот құру;
-Қазақстанда қоғамдық келісім мен диалог орнату үшін Ұлттық Құрылтайды жасақтау. Оның мүшелері барлық аймақтың өкілдері, Халық Ассамблея, қоғамдық кеңестің, беделді ұйымдардың мүшелері, белгілі қайраткерлер;
-Жаңа Семей, Ұлытау, Жетісу облыстарын құру. Бұл мәселе аймақ тұрғындарының көкейінде көптен бері жүрген еді. Осы шешім аймақтардың ішкі инфрақұрлымына, рухани дамуына жаңа серпін береді.
Бүгінгі Жолдауда мемлекет басшысы еліміздің саяси жүйесіне кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынып, Қазақстан халқының ертең емес, бүгін жақсы өмір сүруіне бағытталатындығын атап өтті. Тәуелсіз Қазақстан үшін ең басты мәселе, ол - еліміздің егемендігі. Өзгермелі әлемде Қазақстан тек бізге ғана керек. Елдің амандығына, жердің тұтастығына, халықтың болашағына алаңдайтын Президент мемлекетімізді қорғап қалу жолында барлық жауапкершілікті өз мойнына алатындығын айтты. Осының өзі бізге үлкен сенім мен үміт береді.