09
апрель
2021
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттырау мақсатында 5-9 сәуір аралығында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 5-10 сыныптар арасында «Easy English» акциясы ұйымдастырылды
Оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, ағылшын тіліне қызығушылықтарын арттырау мақсатында 5-9 сәуір аралығында №2 Аспара жалпы орта білім беретін мектебінде 5-10 сыныптар арасында «Easy English» акциясы ұйымдастырылды. Акция бес бөлімнен құрастырылды. 5 сәуір күні аталмыш акцияның жоспары, мақсаты таныстырылды. «Коронавирустан сақтану жолдары» тақырыбында видео түсірілді. Видео түсірілімнің негізгі мақсаты оқушыларды өзекті ақпараттарды ағылшын тілінде түсініп, еркін жеткізе алуға үйрету. Түсірілімге 6, 7, 8, 10 сынып оқушылары қатыстырылды. 6-8 сәуір 6 және 7 сыныптар арасында «Квест» тапқырлық ойыны ұйымдастырылды. Аталған ойын түрі оқушылардың ағылшын тілінде сөздік қорларын көбейте отырып, өзара ұжымдық қарым-қатынастарын нығайту. Ойын барысында ең көп купон жинаған сынып І, ІІ, ІІІ орын алғыс хаттарымен марапатталды. Оқушылардың өз ойларын ағылшын тілінде жеткізудегі қорыныштарын жеңуге көмектесу мақсатында 7 сәуір күні «Миға шабуыл» сұрақ-жауап ойыны ұйымдастырылды. Шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған 7, 8, 9, 10 сыныптар арасында «Easy English» тақырыбында плакаттар жарысы ұйымдастырылды. Ең үздік плакаттар І, ІІ, ІІІ дәрежелі алғыс хаттармен марапатталды. 9 сәуір күні 8, 9, 10 сыныптар арасында танымдық ойлау жұйесін дамытуға арналған «21- ғасыр көшбасшысы» интеллектуалды сайысы өткізілді. Белсенділік танытып, үздік аталған топтар алғыс хаттармен марапатталды.