
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде балалармен "Көкөністер мен жемістер" аппликациямен жұмыс жүргізілді. Балалар түрлі-түсті қағаз,желім қолдана отырып, өз сүйікті көкөністері мен жемістерін ақ қағаз бетіне жапсырды. Олардың қандай пайдасы бар екенінде айта өтті. Оларды қағазбен бейнелей отырып, көкөніс пен жемістерді ажырата алды. Сонымен қатар, ұқыпты жұмыс істеуге дағдыланды. Жаңа ұғымдар меңгеріп, шығармашылық қабілеттерін дамытты. Балалар өз жұмыстарын көрсетіп, қандай жеміс не көкөніс жасағандарын айтып берді. Мақсаты: Балалардың көкөністер мен жемістер туралы білімін кеңейту, түрлі-түсті қағазбен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, саусақтың ұсақ моторикасын дамыту, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа баулу. Жетекшісі: Сатылғанова Ж.