
"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерьінің бірінші ауысымының соңына қарай "Алтын-балалық шақ" тақырыбында концерттік бағадарлама ұйымдастырылды. Балалық шақ-әр адамның жүрегінде мәңгі сақталатын, алаңсыз күлкі мен қуанышқа толы,ерекше мезгіл. Бұл шақта өмір қызық пен қиялға, ойын мен еркеліктерге толы болады. Баланың әр күні-жаңа жаңалық, әр сәті-жарқын естелік. "Алтын- балалық шақ" деп аталатын іс-шарамыз-дәл осы тәтті кездерді еске түсіріп, балалардың шаттыққа толы өмірін дәріптеуге арналған мақсатында жүргізілді. Мақсаты: Балаларға балалық шақтың мағызын сезіндіру, оның құндылығын ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалар арасында мейірімділікті, достықтықты қалыптастыру. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, лагерь басшысы: Таникина Ж.Б балаларға жазғы демалыстарын жақсы өтуіне ізгі-тілегін айтып, алғыс білдірді. Бағдарлама соңында лагерьдің іс-шараларына белсене қатысқан балаларға мақтау громаталары берілді. Топ жетекшілері: Жаксалыкова Д. Сатылғанова Ж. Тәжиева Б. Қалжанова М